Құқықтық түсіндіру жұмысы

Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасыныңкейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелерібойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заңдарына қол қойды.
Заңдардың негізін қалаған тәсілдер әртүрлі алаңдарда талқыланып, Президент жанындағы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссиямен мақұлданды.
Заңдарды әзірлеу кезінде алдыңғы қатардағы елдердің (Германия, Сингапур, Малайзия, Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея және т.б.) тәжірибесі, академиялық ортаның ұсыныстары ескерілді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң мемлекеттік қызметке мансаптық қағидасында, сондай-ақ құзыреттілік және конкурстық тәсілдермен кіру және өткеру тәртібін реттейді.
Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіру үш кезеңдік іріктеу негізінде төменгі лауазымдардан басталады:
бірінші кезеңде кандидаттар заңнаманы білу және негізгі құзіретін, яғни қызметке қажетті білім деңгейін, икемін және дағдыларын анықтау үшін, тесттен өтеді;
екінші кезеңде Агенттік кандидаттардың жеке қасиеттерін (мемлекеттік қызмет құндылықтарына бейілділік деңгейін – әдептілігін, сапаға және қызмет алушыға бағдарын, тиімділігін, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздігін айқындау) бағалауды өткізеді;
үшінші кезеңде мемлекеттік орган конкурстық негізде әңгімелесу жолымен кандидаттардың бейінді білімі мен икемділігін бағалайды.
Құқық қорғау қызметіне тұңғыш рет кіретін азаматтар Агенттікте тестілеуден, соның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан, өтулері жаңа енгізілім болып табылады.
Конкурстан өткендерге тәлімгерлер бекітіліп, 3 айдан 6 айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.
Сынақтан өтпеген жағдайда, қызметші, Агенттікпен келісім бойынша, жұмыстан шығарылады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мансаптық ілгерілеуі тек конкурстық негізде ғана жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте, құзіреттен бөлек, төменгі лауазымдардағы еңбек өтілі қажет болады.
Аталған механизмдермен бірге, қызметке шетелдік менеджерлерді тарту ұсынылып отыр.
Олар Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша келісім-шарт негізінде қабылданады және арнайы тексерістен өтеді.
Сондай-ақ, бұрынғы депутаттар, саяси қызметшілер мен судьялардың «А» және «Б» корпусының бос әкімшілік лауазымдарына орналасу тәртібі жеңілдетіледі.
Ол үшін Ұлттық комиссияның шешім қабылдауы ғана талап етіледі.
«Б» корпусының кадр резерві институты жойылады.
Әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында, 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін резервке кірген азаматтарды онда орналасу мерзімі аяқталғанға дейін 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі беріледі.
«Б» корпусының басшы лауазымдарын тікелей және көлденең ротациялау институты енгізілуде.
Нәтиже бойынша еңбекақы төлеу енгізілуде.
Ол үшін Заңда факторлық-баллдық межелге өтудің құқықтық негізі салынған. Атқаратын жұмыстың күрделілігі, жауапкершілік деңгейі және стратегиялық мақсаттарға жетуде қосқан үлес табыс мөлшерін анықтаудың басты индикаторлары болып бекітіледі.
Сондай-ақ, тиімді қызметшілер қосымша сыйақы алады.
Қосымша сыйақы қорын қалыптастыру үшін басшыларға мемлекеттік органның штаттық санын және әкімшілік шығындарын оңтайландыру құқығы беріледі.
Заң мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуде.
Жұмыс орнында уақытша болмаған қызметшінің міндетін атқару үшін қосымша төлемдер, қызметке қайта орналастырылған тұлғалардың ішкі конкурсқа қатысуға мүмкіндігі, ақталған қызметшілерге келтірілген зиянды өтеу.
Мемлекет басшысы атап өткендей, министрлерді, әкімдерді және басқа да басшыларды ауыстыру мемлекеттік әкімшілік қызметтің тұрақты жұмысына әсер етпеуі тиіс.
Осыған байланысты, Заң саяси мемлекеттік қызметшілер мен жауапты хатшылар, аппарат басшылары арасындағы өкілеттіктерді межелеуде.
Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың институционалдық негізі жетілдірілуде. Ол үшін қызметшілерді үш жылда кемінде бір рет оқыту міндеті бекітілуде.
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау бойынша негізгі талаптар орнатылуда. (Әдепті мінез-құлық критерийлері Әдеп кодексінде бекітілетін болады).
Бұл мәселелерді үйлестіру жаңадан енгізіліп жатқан лауазым – әдеп жөніндегі уәкілге жүктеледі.
Заңда аттестаттау тәсілдері қайта қарастырылды. Бұдан әрі аттестаттау тәртібі, мерзімі және оған жататын мемлекеттік қызметшілердің санатын Мемлекет басшысы айқындайтын болады (қазір бағалау нәтижесі бойынша жүргізіледі).
Аттестаттау комиссиясының аттестаттаудан өткен қызметшіні жоғары тұрған лауазымға ұсыну құқығына иеленуі.
Заңмен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар ұғымын енгізуде. Мұндай теріс қылықтарды жасау тәртіптік жауапкершілікке, соның ішінде жұмыстан шығаруға да әкеліп соғады. Сондай-ақ, оны жасағаны үшін жұмыстан шығарылғандар мемлекеттік қызметке қайта кіру мүмкіндігінен айырылады.
Мемлекеттік аппаратты жаңартуды қамтамасыз ету мақсатында, Заңда зейнет жасына толу мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметке қабылдауға шектеу және қызметті аяқтауға негіз болатыны қарастырылған.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке кіру кезінде жас бойынша шектеу Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында олардың өкілеттік мерзімдері айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарға қолданылмайды.
Өзге жағдайларда, зейнеткерлік жасқа жеткен адамды мемлекеттік саяси лауазымға тек Қазақстан Республикасының Президенті ғана тағайындауы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер зейнеткерлік жасқа жеткенде өз өкілеттіктерін жалғастыруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша бес жылға дейінгі мерзімге жүзеге асыра алады.
Тұңғыш рет Заң нормалары, жеке ерекшеліктерімен, құқық қорғау қызметіне де таралады.
Заң мемлекеттік қызметте жаңа көзқарас белгілеп, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік аппараттың одан да тиімді қызмет атқаруына алып келеді.
____________________________________________________________________________
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің түсіндіруі
____________________________________________________________________________
ҚР Министрлер кабинетінің 1992 жылдың 11 ақпандағы № 39-10/7