Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшіліклауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру,бағдарламалары мен қағидалары

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері  министрінің        2015 жылғы 29 желтоқсандағы№ 12 бұйрығына 2-қосымша
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшіліклауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру,бағдарламалары мен қағидалары
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес әзірленді.      2. Тестілеу мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшісі болып табылатын тестілеу әкімшісімен (бұдан әрі - әкімші) өткізіледі.      3. Тестілеудi өткiзудің әділдiгi жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің, тестердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ әкімшілердің сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi.      4. Тестілеу рәсімдерін, тест тапсырмаларының деректер базасын қалыптастыруды және оларды жаңартуды техникалық қамтамасыз ету «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырылады.
2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметініңкадр резервіне алуға үміткерлерді тестілеу
      5. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерді (бұдан әрі – «А» корпусының резервіне үміткерлер) тестілеу келесі кезеңдерден тұрады:      1) Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу;      2) логикалық тест;      3) біліктілік деңгейін анықтауға тестілеу;      4) мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеу.      6. Тестілеу өткізудің кезеңі үш жұмыс күнінен аспайды.      7. «А» корпусының резервіне кандидат осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтінішінде көрсетілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің санаты, тобы және кіші тобы бойынша өтеді.      8. Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеудің осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен нәтижелерді алған «А» корпусының резервіне үміткерлер, тестілеудің келесі кезеңіне жіберілмейді.      9. «А» корпусының резервіне үміткерлерді мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеу ҚАЗТЕСТ – қазақ тілінің деңгейін бағалау жүйесінің стандарттарына сәйкес өткізіледі.      Бұл ретте, мемлекеттік тілді білуге арналған, сондай-ақ құзыреттер деңгейін анықтауға тестілеудің шекті мәні жоқ.      10. «А» корпусының кадр резервіне бір конкурстық іріктеу аясында «А» корпусының резервіне үміткерлер өтініште көрсетілген тиісті санат, топ және кіші топ үшін әр тестілеу бағдарламасы бойынша бір рет тестілеуден өтеді.
3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарынаорналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттіктілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу
      11. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді (бұдан әрі – Б» корпусының лауазымына кандидат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.      12. «Б» корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгіну арқылы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) тапсырады.      «Б» корпусының лауазымына кандидат Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.      «Б» корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-портал арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті Мемлекеттік корпорацияда, уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде ала алады.      13. «Б» корпусының лауазымына кандидат тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды.      Тестілеуге жазылу «электрондық үкімет» веб-порталында қалыптастырылатын осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады.      14. «Б» корпусының лауазымына кандидат осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының санаты бойынша өтеді.       15. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін мән белгіленбейді.      16. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеудің осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен емес нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерге осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеу өткендігі туралы сертификат (бұдан әрі – Сертификат) беріледі.      Бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.      Екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.      17. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.      18. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлерге осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.      Бұл жағдайда, қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.      19. Сертификат оның қолданылу мерзімі ішінде жоғалған немесе бүлінген жағдайда «Б» корпусының лауазымына үміткерлер осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысандағы сертификаттың телнұсқасын электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы ала алады.
4. Б» корпусының лауазымына үміткерлердіңжеке қасиеттерін бағалауды жүргізу тәртібі
      20. «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тестілеу нысанында жүргізіледі.      21. «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді аяқтағаннан кейін 20 минуттан кешіктірілмей жүргізіледі.      Бұл ретте, жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған адамлар жіберілмейді.      22. Осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен емес нәтиже алған және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 20-тармағының бірінші абзацында белгіленген уақытта келмеген адамлар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарымен белгіленген тәртіпте қатысуға жіберіледі.      23. «Б» корпусының лауазымына кандидат осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының санаты бойынша өтеді.      24. «Б» корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы қорытынды беріледі.      «Б» корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша берілген қорытындылары осындай тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.      25. 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша сертификат алған адамлар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге қатысуға жіберіледі.      Жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге қатысу үшін, осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамлар тестілеу күнінен бір күнтізбелік күн бұрын «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну жолымен осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті тапсырады.      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, «Б» корпусының лауазымына үміткер оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамлар тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды.      Осы тармақ 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.
5. Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі
      26. Тестілеуге Заңның 16-бабының 1-тармағының екінші абзацында және 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.      27. Тестілеуге ЖСН бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар адамлар жіберіледі.      28. Тестілеу басталғанға дейін әкімші тестіленуші адамларды тестілеу бойынша нұсқаулықпен таныстырады және оларда тестілеу рәсімдеріне қатысты туындаған сұрақтарға жауап береді.      29. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген адамлар ол туралы әкімшіге тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамларды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.      30. Тестілеу кестесі уәкiлеттi органның келiсiмі бойынша Орталықпен айқындалады.            31. Тестілеу залы ұялы байланысты тұншықтыратын құралмен, сонымен қатар «Б» корпусы лауазымына кандидатты сәйкестендіру мақсатында карт-ридермен жабдықталады.      32. Әрбір жұмыс станциясы кандидатты суретке түсіру және тестілеу процесіне бейне жазба жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталады.      33. Тестілеуден өтетін адамлар басқа адамлармен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды, қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды, орын-жайды тастап кетпейді.      Тестілеуден өту барысында қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) қолданылмайды. Мұндай құрылғылар тестілеуді өткізу уақытында өшірілуге жатады.      34. Тестіленуші адам осы Қағидалардың 31-тармағының талаптарын бұзған жағдайда әкімші осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді.       Бұл ретте әкімші бір жұмыс күн ішінде осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысандағы Қағиданы бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады.      Акт толтырылған адамлар қайта тестілеуді бұзу болған күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді. Осы Қағидалардың 31-тармағының талаптарын бұзған адамлардың тестілеу нәтижелері жойылады.      35. Тестілеуді еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар, әскери қимылдар және т.б.), салдарынан, сонымен қатар техникалық ақаулықтарға байланысты себептермен жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда тестілеу тоқтатыла тұрады.      Мұндай жағдайда осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеуді тоқтата тұру туралы акт жасалады, ал тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.      36. Тесттердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, тестілеу автоматты түрде жабылады.      37. Тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк тестілеу бағдарламасының көмегiмен автоматты түрде жүзеге асырылады.      38. Тестілеу аяқталғаннан кейін жиырма минуттан кеш емес уақытта адамларға тестілеу әкімшісінің және оператордың қолы қойылған, мөрмен расталған тестілеу нәтижелері беріледі.
6. Тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібі
      39. Үміткерлердың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша шағымдарын қарастыру және олардың құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органда және оның аумақтық бөлімшелерінде апелляциялық комиссиялар құрылады.      40. Апелляциялық комиссияның төрағасы және құрамы уәкілетті орган басшысының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің бұйрығымен бекітіледі.      Апелляциялық комиссияның құрамына бақылаушы ретінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қосылуы мүмкін.      41. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, немесе апелляциялық комиссияның төрағасы болмағанда төрағаның орынбасары басқарады.      Апелляциялық комиссияның іс-қағаздарын жүргізу уәкілетті орган басшысының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің бұйрығымен тағайындалатын хатшымен жүзеге асыралады.      42. Аумақтық бөлімшелердің апелляциялық комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу сұрақтарының жалпы санында мәндерден 2 балға төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлердан апелляцияға шағымдарын қабылдайды және қарастырады.       Уәкілетті органның апелляциялық комиссиясы осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден бір тест бойынша 1 балға төмен нәтиже алған «А» корпусының резервіне үміткерлердан апелляцияға шағымдарын қабылдайды және қарастырады.      43. Осы Қағидалардың 1 және 4-қосымшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған үміткерлердан 12-қосымшаға сәйкес нысандағы апелляцияға шағым апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке беріледі. Апелляцияға шағым тестілеуден өткен күннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қабылданады және апелляциялық комиссияның отырысында апелляциялық комиссиямен айқындалған кестеге сәйкес қарастыралады.      Апелляциялық комиссияның отырысы түскен шағымдардың санына байланысты кемінде 3 (үш) айда бір рет өткізіледі.      44. Апелляциялық комиссияның отырысында апелляцияға шағым берген үміткерлердың тестілеудің толық нәтижелері қарастырылады.       Тестілеудің толық нәтижелері өзіне үміткердің дұрыс жауап бермеген тест тапсырмалары және оның жауап нұсқасы қосады.      45. Апелляцияға шағым берген үміткерлердың тестілеудің толық нәтижелері апелляциялық комиссияға Орталықпен сұрау бойынша ұсынылады.      Бұл ретте, тестілеудің толық нәтижелері «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен ресімделеді және үміткерлерға тек танысу үшін беріледі.      46. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімдері екі данада жасалуы және осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелерімен қол қойылуға тиіс хаттамалармен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның отырысы хаттамасының екінші данасы Орталыққа жіберіледі және бір жыл ішінде сақталады.      Апелляциялық комиссияның шешімі мүшелердің жалпы санының кемiнде 2/3 (үштен екiсi) қатысқан жағдайда құқылы болады.      47. Апелляциялық комиссия апелляцияға берілген шағымды қарастыру нәтижесі бойынша екі шешімнің бірін қабылдайды:      1) апелляцияны қанағаттандырусыз қалдыру;      2) үміткердің апелляциясын қанағаттандыру және оны тестілеуді қайта тапсыруға жіберу.      Бұл ретте, үміткер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді қайта тапсыруға бір рет қана жіберіледі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен   қағидаларына 1-қосымша       
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервінеалуға үміткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын білугеарналған тестілеу бағдарламалары
      1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады:      1) бірінші бағдарлама, осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген лауазымдарды қоспағанда, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдарына (бұдан әрі – «А» корпусының лауазымдары) арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестерді қамтиды.      Бірінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.      2) екінші бағдарлама «А» корпусы лауазымдарының екінші санатына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестерді қамтиды.      Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.      3) үшінші бағдарлама «А» корпусы лауазымдарының бірінші санатының екінші тобының үшінші кіші тобына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестерді қамтиды.      Үшінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 70 минутті құрайды.      2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлер үшін тестілеуді өту мәні әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 10 жауаптан кем дегенде 7 дұрыс жауапты құрайды.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен   қағидаларына 2-қосымша       
нысан
Қазақстан Республикасының            Мемлекеттік қызмет істері министрлігі_____________________________________тел._________________________________эл. мекенжайы _______________________
Өтініш
      Мені «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ___ санатына орналасуға ____ бағдарлама* бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.      Тестілеу өту мекенжайы: ______________.      Тестілеу өтуді қалаған күні: _________.      Тестілеу өтуді қалаған уақыты: _______.      *Ескертпе: Тестілеу бағдарламасы үміткердің таңдаған санатын ескере отырып автоматты түрде анықталады.
      «___» ___________________ 20 __ ж..
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен   қағидаларына 3-қосымша       
нысан
ҚОЛХАТ
      «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуғаүміткердің _____________________________________ өтініші қабылданды.        (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)      Тестілеу өту күні: ____________________________________________      Тестілеу өту уақыты: __________________________________________      Тестілеу өту мекенжайы: _______________________________________      Ескертпе: Тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған «Б» корпусына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.      Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен «электрондық үкімет» порталы арқылы берілді.
      «___» ___________________ 20 __ ж.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен   қағидаларына 4-қосымша       
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуғаүміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мензаңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары
      «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады:      1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.      Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.      Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды.      2) екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.      Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.      Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.      3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.      Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.      Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен   қағидаларына 5-қосымша       
нысан
СЕРТИФИКАТ
_______________________________________«Б» корпусының(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мензаңнамаларын білуге арналған тестілеуден _____________қаласында _____ бағдарлама бойынша «___»______________20 __ ж. өткенін растайды.
Сурет
Тест атауы
Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны
Тестілеуді өту мәні
Дұрыс жауаптардың саны
ҚОРЫТЫНДЫ
Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жылболып табылады.Осы сертификат «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________санаттарына жарамды.
Тестілеу әкімшісінің қолы: _________________________Тестілеу операторының қолы: ________________________
      «___» ___________________ 20 __ ж.
      М.О.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен   қағидаларына 6-қосымша       
нысан
Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуденөткені туралыАНЫҚТАМА
______________________________________________________(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мензаңнамаларын білуге арналған тестілеуден _________________ қаласында «___» __________ 20____ж._____ бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндерінентөмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы берілді.
Сурет
Тест атауы
Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны
Тестілеуді өту мәні
Дұрыс жауаптардың саны
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы үміткер қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап үшайдан кем емес мерзімнен кейін өте алады.
Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________Тестілеу операторының қолы: _________________________________________
      М.О.     «___» ___________________ 20 __ ж.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен   қағидаларына 7-қосымша       
нысан
СЕРТИФИКАТ
_______________________________________«Б» корпусының(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мензаңнамаларын білуге арналған тестілеуден _____________қаласында _____ бағдарлама бойынша «___» _____________20__ ж. өткенін растайды.
Сурет
Тест атауы
Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны
Тестілеуді өту мәні
Дұрыс жауаптардың саны
ҚОРЫТЫНДЫ
Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жылболып табылады.Осы сертификат «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________санаттарына жарамды.
      Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органныңавтоматтандырылған сертификат телнұсқасын беру жүйесімен «электрондықүкімет» порталы арқылы берілді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен   қағидаларына 8-қосымша       
«Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерінбағалауға арналған тестілеу бағдарламалары
      «Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:      1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;      Бірінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.      Бірінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 2 балл, сараптамалық – 2,5 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, стратегиялық ойлану – 1,5 балл, көшбасшылық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1,5 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.      2) екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:      бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;      Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.      Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен   қағидаларына 9-қосымша       
нысан
«Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерінбағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым
Тестіленушінің ТАӘ (ол болған жағдайда):
Тестілеу күні мен уақыты:
«Б» корпусы лауазымының санаты
Сурет
      Қатерлі аймақ - бұл үміттенген лауазымда қызмет ету үшін жекеқасиеттерін көрсету деңгейінің жеткіліксіздігінің сипаттамасы.
Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________Тестілеу операторының қолы: _________________________________________
      М.О.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен   қағидаларына 10-қосымша       
нысан
Тестілеу ережелерін бұзу туралыАКТ
      201_ ж. «___» _____________ сағат ______ мин.Тестілеу әкімшісі_____________________________________________________________________           (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))Тестілеу операторы_____________________________________________________________________           (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))Қызметшінің/үміткердің ________________________ ЖСН _________________                        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарғаорналасуға үміткерлерды тестiлеу ұйымдастыру ережесінің 33-тармағынбұзу фактісі анықталды:__________________________________________________________________________________________________________________________________________                (Ереже бұзудың қысқаша сипаты)
Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________Тестілеу операторының қолы:__________________________________________Актімен таныстым:_____________________________________________________________________(жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/үміткердіңқолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)). Жоғарыда аталғанЕреже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/үміткердің осы актіге қол         қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба)_____________________________________________________________________(жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/үміткердің  осы актіге қол қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы,           тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН)
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен   қағидаларына 11-қосымша       
нысан
Тестілеу рәсімін тоқтату туралы акті
Күні                                                    ___________ж.
      Біз, төменде қол қойғандар, тестілеу рәсімін тоқтату туралы осыактті 20__ жылдың «___» __________ ___ сағ. ___мин.      - байланыс ақауының       - компьютерлік техника ақауының       - тоқ қуаты ақауының       - өзге себептің
      салдарынан жасадық.
Тестілеуді тоқтату себебі бойынша қосымша ақпарат:__________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тестілеу келесі адамларға қатысты тоқтатылды:
1.
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ЖСН
Тестілеу залы әкімшісінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) мен қолы:
Тестілеу залы операторның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) мен қолы:
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді,мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен   қағидаларына 12-қосымша       
нысан
Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның                  ____________________________ бойыншааумақтық бөлімшесі апелляциялық    комиссиясының Төрағасына       ____________________________________(тестіленуші адамның Т.А.Ә.     (ол болған жағдайда))         ____________________________________(тестіленуші адамның ЖСН)      Тел.________________________________Эл. мекенжайы_______________________
Өтініш
      Мені, 20__ жылдың ____________________ _____________________ қ.                    (тестілеу күнін көрсету)өткен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеунәтижелері бойынша шағымдануға рұқсат беруді сұраймын.      Тестілеу нәтижелеріне шағым беру талабымның мәні: ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.
      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшіліклауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру,бағдарламалары мен қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым,келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
      «___» _______________ 20__ж.