Азаматтарды қабылдау тәртібі

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады. Ішкі бақылау бөлімінің басшысы Асан Қуатжанұлы Ізбасаров жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау бойынша жауапты болып табылады.
Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселесі бойынша ақпаратты азаматтар 56-04-52 телефоны бойынша алады, қабылдау Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 4 қабат, № 416 кабинет мекен-жайында жүргізіледі, қабылдау уақыты, басқарма басшысы Г.Р.Сүйінтаева сәрсенбі күндері 17.00-ден 18.00 – ге дейін; басшының орынбасары Н.А.Өнербаев сейсенбі және бейсенбіде 17.00-ден 19.00-ге дейін; басшының орынбасары К.М.Райымқұлов дүйсенбі 17.00-ден 19.00-ге дейін.
Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды тұлғаға келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде арыз берушiге хабарланады. Өтiнiштi қарау мерзiмiн субъектiнiң басшысы немесе оның орынбасары ұзартады. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы күнтiзбелiк үш күн iшiнде арыз берушiге хабарланады. Қазақстан Республикасының заңдарында өтiнiштердi қараудың өзге де мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.