Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты

ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы
Көрсетілетін қызметтің атауы
ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы
Көрсетілетін қызметті беретеін мемлекеттік орган
«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ
Көрсетілетін қызметті пайдаланушылар
Жеке және заңды тұлғалар
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны
Қағаз түрінде
Көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары
Қажетті құжаттар
1) қызмет көрсетушіге:
сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқығын мемлекетке беру туралы ұсыныс;
құқық беретін құжаттардың (жер пайдалану құқығының актісі (жалдауға беру, меншікке алу жағдайында), техникалық паспорт (жылжымайтын мүлік, автомашина), меншік құқығының тіркелгені туралы деректер;
берілетін мүліктің құны туралы деректер (баланстан үзінді немесе бағалау туралы есеп).
мемлекеттік емес заңды тұлғалар:
Жарғысына сәйкес, құзыретіне мүлікті иеліктен шығару, соның ішінде оны мемлекеттік меншікке беру мәселесі кіретін мемлекеттік емес заңды тұлға органының шешімі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Сыйға тарту шарты және мүліктің алым-берім актісі (тапсыру актісі)