2016 ж.19.02 - Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама
«Ақтөбе облыстық қаржы басқармасы» ММ 2016 жылғы 19 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11-00-де Ақтөбе қаласы Ағ.Жұбановтар көшесі 255 «А» мекен жайында орналасқан мүлiктiк кешен ретiндегi «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға 8 жыл мерзімге беру бойынша тендер өткізеді.
Тендер өткізу шарты:
1) кәсіпорынның штаттық кестесіне сәйкес жұмыс орындарын сақтау;
2) объектіге инвестициялар салу (көлемі, түрлері, мерзімдері);
3) нысаналы мақсаты - тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің (ТМККК) аясында Ақтөбе қаласының тұрғындарына жедел және кешіктірілмейтін медициналық көмек көрсету;
4) жедел медициналық көмек көрсету сапасының индикаторларын сақтау;
5) баға қалыптастыру жағдайы, соның ішінде бағаның шекті деңгейі бойынша шектеулер. 1 (бір) шақыру құны осы өңірдегі белгіленген тарифтерге сәйкес өтелетін болады;
6) табиғат қорғау шараларын жүргізу. Кәсіпорының қызметінің барысында экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарын қатаң орындауды қамтамасыз етсін.
7) Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдаланудың қолданыстағы тәртібін және шартын сақтау;
8) Белгіленген мерзімде дебиторлық бережақты өтеу;
9) Келісімдер жасауға шектеулер. 8 жыл ішінде объектіні иеліктен шығаруға, соның ішінде оны кепілдікке беруге апаратын кез-келген заңды және нақты әрекеттер жасауға тыйым салынады.
10) Әлеуетті қатысушы өз ұсыныстарын мынадай ақпараттарды көрсете отырып береді:
- Жұмыстардың жоспарланған көлемі, түрлері;
- Енгізілетін технологияның тізілімі, бірегейлігі және ерекше өзгешеліктері;
- Іске асырылатын іс-шаралар, сондай-ақ оларды іске асыру механизмі және мерзімдері;
- Е-форматта бірыңғай ақпараттық-талдамалы диспетчерлік орталықты жүргізу жөніндегі шешімдер;
- Медициналық персоналды оқытуды жүргізу бойынша іс-шаралар;
- Үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар.
Тендер жеңімпазын таңдау үшін критериялар объектіні пайдалану бойынша үздік жағдайлардың белгіленген талаптарға сай келуі болып табылады.
Әкімшілік ғимаратты сенімгерлік басқаруға беру кезінде объектіні сақтау, оны дамыту, нысаналы мақсатта пайдалану және оны ұстауды қамтамасыз ету талаптары белгіленеді.
Тендерге қатысушы ретінде тіркелуге ұсыну қажет:
1) тендерге қатысуға өтінім;
2) басқа құжаттардан бөлек желімделген конвертте тендерге байланысты құжаттаманы қоса бере отырып, жазбаша түрде тендер шарттары бойынша ұсыныстарды;
3) тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы берген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған және мөр басылған (электронды цифрлық қолтаңба) анықтамасының түпнұсқасы. Егер әлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебін;
5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
6) жарғының нотариат куәландырылған көшірмесін немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсына отырып, жарғы көшірмесін ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады;
7) тендер жарияланған күннен кейін берілген, үш ай бұрын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) тиісті салық органының қол қойылған және мөрі (электронды цифрлық қолтаңбасы) бар анықтамасының түпнұсқасын немесе электронды көшірмесін;
8) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының депозиттік шотына кепілдік жарнаны аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбіртегінің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасын;
9) тендерге әлеуетті қатысушы өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжатты;
10) әлеуетті қатысушының ақпараттық хабарламада көрсетілген сенімгерлік басқаруға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
Жеке тұлға болып табылатын тендерге әлеуетті қатысушы 1), 2), 8), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктің, шетелдік паспорттың (шетелдіктер үшін) немесе уақытша жеке куәліктің көшірмесін;
2) дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін (дара кәсіпкер үшін) ұсынады.
Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады: Ақтөбе қ. Әбілқайыр-хан даңғылы 40-үй, 434 бөлме.
Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна- 5 910 810 теңге.
Кепілдік жарна келесі реквизиттер бойынша аударылады:
«Ақтөбе облыстық қаржы басқармасы» ММ
БСК KKMFKZ2A, ЖСК депозит шоты KZ 410705022570766001, БСН 940740000545
«ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» ММ КБЕ 12.
Қосымша анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8/7132/ 56-46-96