Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтер туралы

Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында
мемлекеттік қызметтер туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88 –V «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңына сәйкес, 2015 жылғы 17 қарашадағы енгізілген өзгерістері мен толықтыруларын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі бұл мемлекеттік қызмет болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, 00504 «Мүлік және зияткерлік меншік құқығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін басқа қызметтер» жолында «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметібар, ондағы қызмет көрсетуші Қаржыминінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қаржыминінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық департаменттері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО болып табылады.
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына сәйкес мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілді.
Ақтиөбе облыыс әкімдігінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 186 қаулысымен «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті бекітілді. Регламенттің ережесінде қызмет көрсету бйоынша процессі қол жетімді және кезең-кезегімен көрсетілген. Регламент «Әділет» ақпараттық жүйесінде, ресми сайтында және облыстың қаржы басқармасының стендінде орналастырлыған.
Бұл қызмет «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ, тиісті жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, жергілікті мемлекеттік басқарудың оқшауланған функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы органдармен қағаз түрінде көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі мүлікті сыйға тарту шарты және алым-берім актісі болып табылады (тапсыру актісі).
Мемлекеттік қызметті көрсету процедурасын бастау үшін негіз Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды берумен сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықты мемлекетке беру туралы мүліктің меншік иесінің ұсынысы болып табылады.
Осы қызметті алу мәселесі бойынша «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ 8 (7132) 59-53-14 телефоны арқылы жолығуға болады.
«Ақтөбе облысының
қаржы басқармасы» ММ