2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспардың аясында жекешелендіру мәселесі бойынша ақпарат

2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспардың аясында жекешелендіру мәселесі бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы 1141 «2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бәсекелес ортаға беруге ұсынылған, коммуналдық меншік ұйымдарының тізілімі бекітілді.
Ақтөбе облысы бойынша 7 коммуналдық меншік кәсіпорындары («Тазалық» КМК, «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС, «Ақтөбе-агросервис», «Ақтөбе Таза қала» ЖШС, «Намыс» спорттық ойын түрдерініңклубы» МКҚК, «Орталық стадион» МК, «Ақтөбе» облыстық футбол клубы» АҚ) және «Ақтөбе» ӘКК ҰК» АҚ 4 ұйымдары («Aktobe Steel Production» ЖШС, «Ақтөбетермококс» ЖШС, «Үй құрылыс комбинаты» ЖШС, «Asia Agro Holding» ЖШС) жекешелендірілуі тиіс.
Жоғарыда аталған нормативтік-құқықтық актіні орындау барысында, облыс және Ақтөбе қаласы әкімдіктерінің қаулыларымен бәсекелес ортаға берілуі тиіс ұйымдардың тізілімі бекітілді.
2016жылға арналған сату кестесіне сәйкес 1 коммуналдық меншік кәсіпорнын («Тазалық» КМК) және «Ақтөбе» ӘКК ҰК» АҚ 2 ұйымдарын («Aktobe Steel Production» ЖШС, «Ақтөбетермококс» ЖШС) сатужоспарланды.
Осы уақыта, «Ақтөбе» ӘКК ҰК» АҚ жауапкершлігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталында қатысу үлесін бағалаушыны таңдау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
«Тазалық» КМК жекешелендіру бойынша дайындық шаралары (кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде бағалаубойынша өнім берушілерді анықтау және ақпараттық хабарламаны кезеңдік басылымдарда жариялау) «Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алулар бөлімі» ММ құру процедурасы аяқталған соң ағымдағы жылдың наурызында жүзеге асырылатын болады.
«Ақтөбе облысының
қаржы басқармасы» ММ