Мүлікті жария ету туралы

Мүлікті жария ету туралы
2015 жылғы 13 қарашада ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойылды. Заң түзетулеріне сәйкес, қазақстандықтар ақшаны, Қазақстан Республикасының аумағындағы немесе одан тысқары жерлердегі мүлікті, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқығы ресімделмеген, басқа тұлғаға ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiкті жария етуі қажет.
Ақшаны және мүлікті жария ету үшін алымдар 10 % құрайды. Ақшаны бөлек ағымдағы банктік шотқа енгізу кезінде жария ету алымы ақшаны жария етуі үшін алынбайды.
Сондай-ақ, арыз берушілерге жария ету туралы ақпараттың құпиялылығына қатысты кепілдіктер беріледі, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың тарабынан заңға қайшы әрекеттерінен қорғалады.
Жария ету кезінде арыз беруші қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктен баптардың қатарымен (тыйым салынған қызмет түрлерімен айналысқанынан басқа) босатылады. Жария ету фактісі қылмыстық істерді дәлел ретінде қолданылмайды. Жария етілген мүлік тәркіленбейді.
Мүлікті және ақшаны жария ету үшін арыз беруші мемлекеттік кірістер органына декларация және қажетті құжаттарды тапсыруы қажет.
ҚР заңының өзгерістеріне сәйкес жария ету мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылған.
2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, Ақтөбе облысының мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша, Ақтөбе облысында жария етілген көлем 24,2 млрд.теңгені құрайды. Үлкен үлесін облыс аумағындағы объектілер – 21 млрд.теңге құрады, жария етілген ақшаның көлесмі 3,2 млрд.теңге.
«Ақтөбе облысының
қаржы басқармасы» ММ