Қажетті құжаттардың тізімі

Қажетті құжаттардың тізімі:
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу үшін жария ету субъектілері комиссияға мынадай құжаттарды:
1) Заңда белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
2) өтініш берген кезде түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының қорытындысын;
4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады.
Құжаттарды қабылдау аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.