Тәлімгерлік институты

Тәлімгерлік институты
Ағымдағы жылдың басынан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 11 «Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді белгілеудің тәртібін бекіту туралы» бұйрығы қолданысқа енгізілді. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» заңының 20 бабының 5 тармағына сәйкес әзірленген.
Тәлімгерлік – бұл қызметшілерді қызметтік міндеттерін өз бетінше орындауға бейімдеу мен кәсіби дайындау үрдісі. Тәлімгер қызметшіге бекітілген, оның кәсіби даярлығына практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші.
Қаржы басқармасында 2016 жылдың 23 ақпанында № Ө-12 бұйрығымен тәлімгерлер кеңесі құрылып, ол ұжымдық қызметтің тұрақты әрекеттегі, песоналдың кәсіби деңгейін және оның мирасқорлығын нығайтуға қабілетті, тәлімгерлердің қызметін үйлестіретін орган болып табылады. Тәлімгерлер кеңесімен мемлекеттік қызмет өтілі кемінде бес жыл, жоғары кәсіби қасиеттерге ие, соңғы екі жылда қызметін бағалауда «тиімді»-ден кем емес нәтижелері, тәрбие жұмысына бейімділігі және ұжымда беделі бар, сондай-ақ соңғы екі жыл бойы тәртіптік жазасы жоқ мемлекеттік қызметшілер қатарынан тәлімгерлер резерві құрылды.
Тәртіппен қаралған барлық талаптарға сай келетін, басқарма тәлімгерлерінің резервіне мынадай мемлекеттік қызметшілер тіркелді:
1. Меңдіғалиева Жұмагүл, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында бюджеттік бағдарламаардың атқарылуын талдау және іске асырылуын бағалау бөлімінің басшысы;
2. Оразғұлова Аққыз Елубайқызы, жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша есеп-қисап бөлімінің басшысы;
3. Төлешқалиева Айгүл Бисембаевна, жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша есеп-қисап бөлімінің бас маманы;
4. Ұлықпанова Динара Рахымжанқызы, коммуналдық меншікті басқару жөніндегі бөлімнің басшысы;
5. Надырбекова Нұргүл Самбайқызы, бюджеттің орындалуын үйлестіру және талдау бөлімінің басшысы.
Кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметшілер күні, құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында, мемлекеттік қызмет жүйесінде оң имиджді қалыптастыруда мемлекеттік қызметшілердің ролін атап өту қажет.
Кеңес уақыты кезінен келе жатқан тәлімгерлік, қызметшілерді өз қызметтік міндеттерін өз бетінше орындауға бейімдеу және кәсіби даярлаудың тиімді қадамы болып табылады. Тәлімгерлік идеясы қарапайым және тамаша - жоғары білікті тәжірибелі қызметші жаңа қызметшіге өзінің кәсіби тәжірибесін береді, ұйымда қабылданған тәртіппен таныстырады.
Алайда тәлімгерлік институты дұрыс бағытта дамуы үшін, тәлімгерлердің өздерін де, және мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілерді даярлау қажет, оларға міндеттері мен құқығын түсіндіру қажет.
Тәлімгер тәлімгерлік бойынша жұмыстың жағдайына, сондай-ақ қызметшінің алдына қойылған міндеттерге сәйкес қызметшінің жұмысының түпкілікті нәтижелеріне дербес жауапкершілікте болады; қызметшінің бейімдеу жоспарын орындауына күнбе-күн бақылау жасап отырады; қызметшіге таңдаған кәсібін игеруге көмек көрсетеді, оған функционалдық міндеттерін түсіндіреді, оларды сапалы орындаудың тәсілдері мен амалдарын көрсетеді, жіберген қателіктерін жояды; қызметті тиімді жүзеге асыруда, сондай-ақ қойылған міндеттерді өз бетінше орындауға қызметшіге оң үлгі көрсетеді; ұжымның қоғамдық өміріне ынталы қатсыуға қызметшін тартады, салауатты өмір салтын қалыптастыруға насихаттайды, жалпы мәдени және кәсіби ой өрісін дамытуға ықпал етеді; қызметшінің жігерлілік, іскерлік және өнегелілік сапасын, оның жұмысқа, азаматтарға, ұжымға қатынасын, сондай-ақ оның әуестігін, бейімділігін, демалыс кезіндегі айналасын зерделейді; қызметшіге қиындықтарды жеңуге, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде моралдық-психологиялық нықтылықты нығайтуға көмектеседі; қызметшінің тәртіпті және заңдылықты бұзуға жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды; қажет болған жағдайда қызметші жұмыс жасайтын құрылымдық бөлімшенің басшысына тәрбиелік және тәртіптік әсер ету шараларын қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді.
Қызметші өз кезегінде өзіне тапсырылған тапсырмаларды орындайды, бейімдеу жоспарымен қаралған шараларды орындайды; тәлімгеріне көмекке жүгінеді; өзінің кәсіби құзыреттілігін, тәжірибесі мен қабілетін дамыту, білім алу бойынша шаралар қабылдайды; ұжымның қоғамдық өміріне белсене араласады; тәлімгерден жұмыстың тиімді формалары мен әдістерін қабылдайды; лауазымдық міндеттерін орындау кезінде тәлімгердің ұсыныстарын ұстанады.
Қызметтік парызын үлгілі орындағаны, қызметшінің кәсіби қалыптасуына және тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін, тәлімгерлік кеңесі мемлекеттік органның қызметкерлерін лауазымға тағайындауға және босатуға құқы бар уәкілетті тұлғаға, тәлімгерді қазақстан Республикасының заңнамасымен белігенген тәртіпті марапаттауға ұсынуы мүмкін.
«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ