Қазақстанда мүлікті жария ету тәртібі туралы

Қазақстанда мүлікті жария ету тәртібі туралы
Назар аударыңыздар! Мүлікті жария ету бойынша акцияның аяқталу мерзімі жақындады!!!
Ескертеміз, мүлікті жария ету акциясы аяқталу мерзімі жақындап қалуына жылпыға бірдей декларациялау процессі басталуына байланысты, мемлекет мүлікті жария ету бойынша барлық тілек білдіргендердің өзінің мүлкін, соның ішінде бұрын заңды экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны да заңды жүзінде жария етуді көмектесуге шақыратын бір жолғы науқанын өткізеді.
Баспа шығарылған заңда жария етуге тиіс мүліктің тізбесі анық жазылады. Оның ішіне: ақша, құнды қағаздар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдағы қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін Қазақстанның аумағындағы ғимараттар, сонымен қатар республиканың аумағынан тыс жылжымайтын мүлік кіреді.
Алайда, көрсетілгеннің барлығы жария етілуге мүмкін емес. Ол құқыққа, адамның бостандығына қарсы жасалған қылмыстар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыстар, сонымен қатар жалған ақша, құнды қағаздар мен құжаттарды заңсыз жасау нәтижесінде алынған мүлік және ақша жатады.
Жария етуге, сондай-ақ, құқығы сот тәртібінде немесе заңды түрде дауланып жатқан мүлік жария етуге жатпайды. Оған, сондай-ақ, несие ретінде алынған ақша, мемлекеттің пайдасына тапсыруға тиіс мүлік, құрылысының аяқталуы бюджеттік қаражаттың есебінен іске асырылатын жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй – жайлар жатады.
Әкімдіктер жанындағы комиссияларға, азаматтар тиісті өтінішті және заңнамамен белгіленген құжаттардың тізбесін ұсына отырып, Қазақстанның аумағында тиісті түрде ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету мәселесі бойынша жүгінуде.
Қазақстан аумағындағы да, шетелдегі де қалған барлық мүлікті (ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғалардағы қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік) тиісті өтінішті және заңнамамен белгіленген құжаттардың тізбесін ұсынумен тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгіне отырып жариялауға болады.
Ақшаны екі тәсілмен заңдастыруға болады.
Бірінші: Оларды банк шоттары арқылы көрсету және өзінің кез келген мұқтаждықтарына пайдалану, мысалы: бизнеске салу, жылжымайтын мүлікті сатып алу және т.б., және соңында, жай ғана шешіп алуға болады. Және осының барлығы 10% алымды төлемей жүргізілетін болады.
Екінші тәсіл: Шетелдегі немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны өтініш беру нысанда, оларды банк шоттарында көрсетпей, жария ету. Бірақ, бұл ретте бюджетке 10% алым төленеді.
Егер де, ақшалай қаражат қылмысты жасау нәтижесінде алынғаны анықталған болса ақшалай қаражатты жария ету заңсыз деп танылу фактісіне назар аудару керек.
Өзінің мүлкі мен ақшасын жария етуді қалаған барлық адамдар олардың сақталуына және табыс салығын салуды ықтимал деп алаңдамауларына болады. Олар табыс ретінде көзделмейтіні, ал ақша өз кезегінде депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалғаны Заңмен әлде қайда қарастырылған.
Сонымен қатар, адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық тәртіпте қудалау үшін мемлекеттік органдарынан және лауазымдық адамдардан алынған ақпаратқа қатысты маңызды кепіл Заңмен көзделгеніне назар аудару керек.
Заңнамаға сәйкес құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.
Өзге де мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және жария ету мерзімі өткенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталады.
«Ақтөбе облысының
қаржы басқармасы» ММ