Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасы

<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?>

.par_F55D12EA4BD7F1364525817E0022B500_1 {text-align: center; font-family: sans-serif; color: black; font-size: 10pt; font-weight: normal; text-decoration: none;}

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

.par_F55D12EA4BD7F1364525817E0022B500_2 {text-align: full; font-family: sans-serif; color: black; font-size: 10pt; font-weight: normal; text-decoration: none;}

1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы бюджеттің атқарылуы, коммуналдық меншікті басқару.

.par_F55D12EA4BD7F1364525817E0022B500_3 {text-align: ; font-family: sans-serif; color: black; font-size: 10pt; font-weight: normal; text-decoration: none;}

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ
3. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс жасайтын тұлғалар іс-әрекеттерінің (іс-қимылдарының) тәртібі

.par_F55D12EA4BD7F1364525817E0022B500_4 {text-align: full; font-family: sans-serif; color: black; font-size: 10pt; font-weight: normal; text-decoration: none;}

3.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартқа қатысты салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін іске асыру кезінде

.par_F55D12EA4BD7F1364525817E0022B500_5 {text-align: full; font-family: sans-serif; color: black; font-size: 10pt; font-weight: normal; text-decoration: none;}

1) Қазақстан Республикасы заңдылығының принциптерін, Конституциясының, заңдарының және басқа нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу;
2) мүдделер шиеленісі туындайтын кез-келген мүмкіндікті болдырмау бойынша шаралар қабылдау;
3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерініске асыруына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеу;
4) жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланбау;
5)жоғары кәсңби жұмыс үшін бар күшін салу, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы, үнемді және басқа да құзырлы тәсілдерін қолдану;
6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін тұрақты арттыру;
7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде қызметтік жағдайын теріс жағынан пайдалануға, негізсіз бюрократизм және әуре-сарсаңға салушылық тудыруға, сондай-ақ дөрекілік пен ағат пікір тудыруға жол бермеу.

3.2. өз құзыретінің аясында басқарушылық және басқа да шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде

1) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау;
2) құпияны сақтау және қызметтік және мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз ету;
3) кәсіптік (қызметтік) этиканы сақтау;
4) өзін басқа тұлғалардың сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа итермелеуі туралы тез арада жазбаша түрде басқарма басшысын, уәкілетті мемлекеттік органдарды хабардар ету;
5) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген өкілеттіліктерге тиімді өкімдік ету, өзінің қызметтік міндеттерін адал, абыройлы және сапалы орындау; жұмыс уақытын оңтайлы пайдалану;
6) жеке және заңды тұлғаларға артық көрушілік танытпау, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың ықпалынан тәуелсіз болу;
7) жеке сипаттағы сұрақтарды шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және басқа да тұлғалардың қызметіне ықпалын тигізу үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбау.

3.3. нормативтік құқықтық актілерді дайындау кезінде
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жеке кәсіперлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестігіне және Қазақстан Республикасының кәсіпкерлер палатасына сараптамалық қорытынды алу үшін міндетті түрде түсіндірме жазбасымен бірге, соның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келіскен кезде жолдау;
2)жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын,оларды сараптамалық кеңестің отырысында қарағанға дейін міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ интернет-ресурстарда, жариялау;

3.4. тіршілік әрекеті саласының ерекшілігіне тәуелді туындайтын басқа да өзара қатынастар кезінде:

1)жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, еркіндіктерін және заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңдылығымен тәртіпте және мерзімде қарауды және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
2)бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауды, дөрекілік танытуды, адамгершілігін төмендетуді, әдепсіздікті, теріс қылықтарды болдырмау;
3) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек ғана ақиқат және шынайы мәліметтерді беру;

.par_F55D12EA4BD7F1364525817E0022B500_6 {text-align: full; font-family: sans-serif; color: black; font-size: 10pt; font-weight: normal; text-decoration: none;}

4) мүліктің сақталуын, меншіктің ұтымды, тиімді және тек ғана қызметтік мақсатта пайдаланылуын қамтамасыз ету;
5) ұжымда іскерлік қарым-қатынастың және сындарлы ынтымақтастықтың орнауына және бекуіне ықпал ету;
6) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық туралы басқарма басшысын, немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға кешіктірмей хабарлау.

.par_F55D12EA4BD7F1364525817E0022B500_7 {text-align: ; font-family: sans-serif; color: black; font-size: 10pt; font-weight: normal; text-decoration: none;}

4. Басқа да шектеулер және тыйымдар
1) Конституцияны және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау;
2) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген шектеулерді сақтау;
3) лауазымдық өкілеттілігі шегінде шығарылған, басқарма басшысының бұйрықтарын орындау.

Жаңа пікірді жазу