Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын жүзеге асыру және жергілікті атқарушы органдардың тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық қамтуды ұлғайту жұмысы туралы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын жүзеге асыру және жергілікті атқарушы органдардың тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуларда
қазақстандық қамтуды ұлғайту жұмысы туралы
Мемлекеттік сатып алу – бұл мемлекеттік саясатты жүргізудің жолы мен бірге бизнестің үлкен табысты салаларының бірі болып табылады.
Мемлекеттік сатып алу саласы мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерін жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан бастап аймақтық және ұлттық компанияларға дейін қамтиды.
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемі облыстық бюджеттің айтарлықтай бөлігін алады.
Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III «Мемлекеттік сатып алу туралы» қолданыстағы Заңына сәйкес тауар, жұмыс және қызметтерді мемлекеттік сатып алулар жүргізілетін 896 тапсырыс беруші бар.
Облыстық тапсырыс берушілер 2010 жылы жалпы сомасы 50 317,5 млн.теңгеге 112 431 сатып алу, 2011 жылы 47 746,6 млн. тенгеге 101 522 сатып алу және 2012 жылдың өткен айларында 41 094,0 млн. тенгеге 41 603 сатып алу жүргізді. (№1қосымша).
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң нормаларын сақтау мақсатында 2009 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта 9 семинар өткізілді. Оның 6 семинары аталмыш Заң жобасын жасаушылардың қатысуымен өтіп, қатысқан 825 мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушілер мен 227 тауарлар, жұмыстар және қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге сертификат табыс етілді.
Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу саласында тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу тәртібі сапасын арттыру мен бұзушылықтарды азайту мақсатында, облыстық әкімдіктің қаулысымен облыс аудандарының мектеп бухгалтериялары орталықтандырылып, нәтижесінде мемлекеттік сатып алудың 1205 тапсырыс берушісі 896-ге кеміді.
Әкімдік тарапынан жүргізілген жұмыстарға қарамастан, облыстың мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушілері сатып алуды жоспарлау, конкурстық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін сапасыз жүргізілу салдарынан, өткізу тәсілдері бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарлары орындалмайды.
Яғни, 2010 жылы конкурс тәсілімен сатып алу жоспары 39,7 % ғана орындалды. Бұл тәсілмен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспарланған 30 328,9 млн. теңгенің 12 044,8 млн. теңгесіне жүргізілді. Ал қалған 18 284,1 млн. тенгеге сатып алулар бір көзден жүргізілді (№1қосымша).
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жоспарланған 4 545,4 млн.теңгенің, іс жүзінде сатып алу 4 046,8 млн. теңгеге (89,0%) жүргізілген, ал қалған 498,6 млн. теңгеге сатып алу бір көзден жүргізілген (№1 қосымша).
Осындай жағдай 2011 жылы да қайталанған.
Жоспарланған, бірақ конкурс тәсілімен сатып алу жүзеге асырылмағандықтан тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алу арқылы 2011 жылы 22 031,9 млн. теңге және 2012 жылы 25 933,4 млн. теңгеге, баға ұсынысын сұрату тәсілі бойынша сәйкесінше 1 392,6 млн. теңге және 269,8 млн. теңге сатып алынған (№1қосымша).
Өткізу тәсілдері бойынша мемлекеттік сатып алудың жоспарлық көлемінің орындалмау нәтижесінде, сатып алынған тауарлар, жұмыс және қызметтерді электрондық сатып алудың жалпы көлемінің нысаналы индикаторының орындалмауына алып келгендігін айта кеткен жөн.
Егер 2010 жылы мемлекеттік сатып алу жалпы көлемінің электронды сатып алу үлестік салмағы 8,04% немесе нысаналы индикаторды 0,4 % артық орындаса, 2011 жылы нысаналы индикатор деңгейіне 0,2 % жетпеді немесе бекітілген 9,5% нысаналы индикатордың іс жүзінде орындалғаны 9,3 %. Ал 2012 жылдың өткен айларында нысаналы индикатор деңгейіне 2,2 % жетпей немесе бекітілген 11% нысаналы индикатордың іс жүзінде орындалғаны 8,8 %. Және бұл ағымдағы жылдың бірінші шілдесінен бастап электронды сатып алудың баға ұсыныстарын сұрату тәсіліне, электронды конкурс және аукцион қосылған жағдайында (№1 қосымша).
Бақылаушы органдардың тексеру нәтижелерінен (тексеру комиссия басқармасы, қаржылық бақылау инспекциясы) мемлекетттік сатып алу саласында заңбұзушылықтар жылдан жылға қайталануын және олардың азайу үрдісінің жоқтығын байқаймыз.
Мысалы, 2010-2011 жылдары және 2012 жылдың 9 айында мемлекетттік сатып алу заңнамаларын сақтау жөніндегі жүргізілген тексерулер нәтижесінде 15 832,2 млн. теңге сомаға бұзушылықтар анықталды.
2010 жылы мемлекетттік сатып алу туралы заңнамасына 4 358,4 млн. теңге сомасына бұзушылық анықталса, 2011 жылы 3 605,4 млн. теңге немесе бұзушылық 753,0 млн. теңге азайған.
Дегенмен, 2012 жылдың 9 айында мемлекетттік сатып алу саласында анықталған бұзушылық сомасы 7 688,4 млн. теңге құрап, 2010 жылғыдан 3150,0 млн. теңге, 2011 жылғыдан 4083,0 млн. теңге артылғанын байқаймыз.
2012 жылдың 9 айында мемлекетттік сатып алу тапсырыс берушілерінің жіберген бұзушылықтары төмендегі сипатта:
1. 5 тапсырыс беруші - жалпы сомасы 6 526,2 млн. теңгеге әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын заңсыз қабыл алмаған.(«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»ММ - 10,2 млн. теңге; «Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернаты» ММ - 27,2 млн. теңге; «Ақтөбесараптау»МЕК - 102,0 млн. теңге; «Ақтөбе қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» - 4 169,6 млн. теңге; «Облыстық энергетика және тұрғын үй коммунальдық шаруашылық басқармасы» - 2 217,2 млн. теңге).
2. 12 тапсырыс беруші - мемлекеттік сатып алу веб—порталына жылдық сатып алу жоспары көлемін орналастырмаған. («Орталық стадион» МКҚК; «Дөң» селолық округі әкімі аппараты» ММ; «Хромтау» қаласы әкімі аппараты» ММ; «Хромтау ауданының ішкі саясат бөлімі»ММ; «Хромтау ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі»ММ; «Хромтау аудандық сәулет және құрылыс бөлімі»ММ; «Қобда аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі»ММ; «Қобда аудандық жер қатынастар бөлімі»ММ; «Қобда аудандық жұмыспен қамту бөлімі»ММ; «Инфраком – Қызмет» МКҚК; «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»ММ; «Қобда ауданының орталық ауруханасы» МКҚК;
3. 8 тапсырыс берушіде - қазақстандық қамту үлесін анықтау үшін «СТ-КZ» сертификатының жоқтығы және анықтау тәсілін қолданбауы анықталды. («Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ; «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі»ММ; «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»ММ; «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі»ММ; «Мұғалжар аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі»ММ; «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы» ММ; «№26 Үміт» МД» МКҚК; «Жансая МД» МКҚК).
Айта кететін жайт, «СТ-КZ» сертификаты жоқ қазақстанда шығарылған тауарды сатып алған жағдайда қазақстандық қамту пайызы есепке алынбайды және бұл нысаналы индикатордың орындалуына әсер етеді.
4. 15 тапсырыс беруші - жалпы сомасы 919,8 млн. теңге құрайтынөтінімдері қабыл алмауға жататын әлеуетті жеткізушілерді конкурстарға қатысуға заңсыз рұқсат берген. («№33 «Нұрсат»МД» МКҚК -25600,8 мың. теңге; «№21 гимназия ОМ»ММ - 9768,0 мың. теңге; «№34 орта мектеп» ММ – 6932,7 мың. теңге; «Мұғалжар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі»ММ - 6673,9 мың. теңге; «Мәртөк аудандық білім бөлімі» ММ - 4301,0 мың. теңге; «№26 «Үміт» МД» МКҚК - 28829,2 мың. теңге; «№21 Кәусар бұлақ МД» МКҚК- 7560,0 мың. теңге; «№9 гимназия -орта мектеп» ММ - 8416,4 мың. теңге; «Қарғалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі»ММ; «№2 арнайы орта мектебі»ММ -7986,2 мың. теңге; «№36 қазақ орта мектебі» ММ - 13057,5 мың. теңге; «Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ - 49989,1 мың. теңге; «Ақтөбе орта мектебі» ММ - 5401,2 мың. теңге; «Ақтөбе медицина колледж» МКҚК - 14027,9 мың. теңге; «Хромтау СУ-10» КМК - 34870,1 мың. теңге; «Ақтөбе облысының автокөлік жолдары» ММ - 696424,0 мың. теңге;
5. 9 тапсырыс берушіде - жалпы сомасы 108,3 млн. теңге құрайтын сатып алынған біртекті тауарлар және жұмыстар мен қызметтер лоттарға бөлінбейді.: («Әйтеке би аудандық білім бөлімі бөлімі» ММ - 64497,2 мың. теңге; «№1Ақтөбе кәсіптік лицейі» МКҚК - 2162,5 мың. теңге; «Ақтөбе қалалық мәдениет үйі»МКҚК - 6661,5 мың. теңге, «Қобда аудандық экономика бөлімі»ММ -345,0 мың. теңге; «Қобда аудандық білім бөлімі»ММ - 4000,0 мың. теңге; «Қобда ауданы әкімінің аппараты»ММ - 1427,0 мың. теңге; «Қобда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ -25346,9 мың. теңге; «Қобда аудандық жер қатынастар бөлімі»ММ - 553,5 мың. теңге; Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ -3310,0 мың. теңге;
6. 6 тапсырыс беруші – жалпы сомасы 123,3 млн. теңгеге сатып алу тәсілін қате қолданған: («Шалқар аудандық білім бөлімі»ММ -34842,2 мың. теңге; ГУ «Шалкар аудандық тұрғын үй,коммуналдық шаруашылық бөлімі» - 4317,7 мың. теңге; «№48 орта мектеп»ММ - 62621,4 мың. теңге; «Ақтөбе қаласы маслихат аппараты» ММ- 2636,8 мың. теңге; «№1балалар музыка мектебі»МКҚК - 9999,0 мың. теңге; «№1 «Күншуақ МД» Хромтау аудандық білім бөлімі»ММ-8867,2 мың. теңге.
7. 2 тапсырыс беруші - жалпы сомасы 1,5 млн. теңгеге келісім-шарт жасаспай сатып алуды жүзеге асырған: («Исатай селолық округі әкімінің аппараты»ММ - 579,4 мың. теңге; «И.Құрманов атындағы селолық округ әкімі аппараты»ММ – 931,3 мың. теңге).
8. 1 тапсырыс берушіде - шарттық баға критериясының конкурстық құжаттамасы жоқ («Ырғыз аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі»ММ - 8100,0 мың. теңге)
9. 2 тапсырыс беруші - жалпы сомасы 1,2 млн. теңгеге жылдық жоспарда қарастырылмаған тауарларды сатып алуды жүзеге асырған. («Қобда аудандық ішкі саясат бөлімі»ММ - 554,9 мың теңге; «Қобда аудандық экономика бөлімі» ММ - 633,7 мың. теңге).
10.10 тапсырыс беруші - жеткізушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы ретінде тануға қажетті жұмыстарын жасамаған.
Оның ішінде:
1.«Қандыағаш қаласы әкімі аппараты»ММ және «Байғанин ауданы әкімі аппараты» ММ - талап арыздарын мерзімі өткеннен соң берген;
2. «Қарғалы ауданы әкімі аппараты»ММ және «Қандыағаш қаласы әкімі аппараты»ММ – жеткізушілерге келісім-шарттарды қол қоюға уақытында жібермеген;
3. «Қандыағаш қаласы әкімі аппараты»ММ және, «Қарғалы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі»ММ - талап арыз беруші өкілі ретінде сотқа келмеген;
4. «Қандыағаш қаласы әкімі аппараты»ММ мен «Энергетики және коммуналдық шаруашылық басқармасы»ММ – сотқа арыздарын негізсіз берген;
5 «Мұғалжар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі»ММ - талап арыз беруден заңсыз бас тартқан;
6. «Қандыағаш қаласы әкімі аппараты»ММ, «Ішкі саясат басқармасы»ММ, «Қобда ауылдық округы әкімі аппараты»ММ, «Алға аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық»ММ, «Байғанин аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық» ММтөлемақы өсімін өндіріп алуды талап етпеген;
Мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылықтарды анықтауда материалдарды дайындау бойынша сыртқы және ішкі бақылау органдарының жұмыстары темендегідей жүргізіледі:
Мерзімі
Құқық қорғау орган дарына жіберіл ген материал дар
Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар саны
Салынған әкімшілік айыппұлдар дың жалпы сомасы (мың теңге)
Бюджетке орны толтырыл ды (мың. теңге)
Келісім-шарттар ды жарамсыз деп тану туралы талап арыздар саны
Оның ішінде қанағат тандырылғаны
Тәртіптік жауапкер шілікке тартырған тұлғалар саны
1
Барлығы
57
83
10610
10432,1
20
14
358
2
Оның ішінде
3
2010 жыл
27
36
4776,1
4776,1
8
6
144
4
2011 жыл
16
15
2570,4
2570,4
7
5
124
2012 жылдың 9 айында
15
41
4881,5
4218,2
5
3
191
Жоғарыда көрсетілген мәліметтерден құқық қорғау органдарына жіберілген материалдар саны азайғанын көреміз. Яғни 2010 жылы 27 материал, 2011 жылы мен 2012 жылдың 9 айында сәйкесінше 16 және 15 материалдар жіберілген.
Сонымен қатар 2012 жылдың 9 айында 2011 жылмен салыстырғанда мемлекетттік сатып алу саласында әкімшілік жауапкершілікке тартылған тапсырыс берушілер саны 15-тен 41 көбейген және сәйкесінше салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 2,6 млн. теңгеден 4,2 млн.теңгеге дейін көбейген, және де тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны 124-тен 191-ге көбейген.
Тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алу кезінде жіберетін бұзушылықтардың басты себебі мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібіне олардың адал қарамауынан болып отыр.
Сонымен бірге, 2009 жылдың 27 қаңтарындағы №18 қаулысына сәйкес облыстың барлық басқармаларындағы құрылған ішкі бақылау қызметін басқармадағы заң бұзушылықтарды анықтау және болдырмау ісіне тікелей бағытталу тиіс. Бұл өз кезегінде бақылаушы органдар анықтайтын бұзушылықтар санының айтарлықтай азайуына септігі тиеді. Дегенмен, облыс басқармаларындағы ішкі бақылау қызметі ашылған үш жылдан бері мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылықты анықтау мен оның алдын алудың бірде бір дерегін анықтаған жоқ.
Ағымдағы жылдың өткен айларында, жалпы сомасы 20 580,7 млн.теңге құрайтын орындалған келісім-шарттар саны 24607 құрады. Оның қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтердің жалпы сомасы 16 708,8 млн.теңге, яғни 81,2 % құрайды,оның ішінде тауарлар 2 350,3 млн. теңге немесе (50,5 %), жұмыс 10 211,5 млн. теңге немесе (90,6 %) және қызмет 4 147,0 млн. теңге немесе (89,0 %) (№2 қосымша).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы №1135 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы сәйкес мелекеттік сатып алуларда жергілікті қамту үлесі тауарлар бойынша 55%, жұмыстар мен қызметтер 85% болуы қажет.
Облыстық мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушілері жоғарыда айтылған Қаулымен белгіленген жұмыстар мен қызметтер мемлекеттік сатып алудың қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша нысаналы индикаторын 90,6% и 89,0%, яғни 5,6 % и 4,0% артық орындаған (№2қосымша).
Алайда облыстың тапсырыс берушілері тауарларды мемлекеттік сатып алуда облыстық мемлекеттік сатып алудың қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша нысаналы индикаторын орындамады.
Мысалы, белгіленген 55% нысаналы индикатордың, орындалғаны 50,5 % немесе 4,5 % орындалмады.
Барлық 23 облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілердің нысаналы индикаторды 3-і орындаған(Ішкі істер Департаменті, Энергетика және тұрғын үй коммунальдық шаруашылық басқармасы, Туризм,дене тәрбиесі және спорт басқармасы), ал қалған 20 әкімшілер:
- 1 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (Құрылыс басқармасы), белгісіз себептермен веб-порталдың келісім-шарттар тізілімдеріне «Орындалды» статусымен келісім-шарттарды мүлде орналастырмаған;
- 1 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (Тілдерді дамыту басқармасы) тек қана шет елде шығарылған тауарларды ғана сатып алған;
- 18 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі тауарларды сатып алуда нысаналы индикаторды орындамаған (№3 қосымша).
Сонымен қатар тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын алты облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 167 қарасты мекемелері бар.
Осы қарасты мекемелердің 14-і веб-порталға орындалған келісім-шарттарды орналастырмаған, 81 тапсырыс беруші нысаналы индикаторды орындамаған, 17 тапсырыс беруші тек қана шет елде өндірілген тауарларды сатып алған, сонымен бірге басқармалар бойынша.
№4 қосымшада бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ведомствасына қарасты мекемелер бойынша түсіндірме.
12 аудандық бюджеттік бағдарлама арасында тауарларды мемлекеттік сатып алудың қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша нысаналы индикаторды тек Мұғалжар және Темір аудандары орындамаған. Яғни белгіленген 55 % нысаналы индикатордың, орындалғаны 24,5% және 46,6%, ал жұмыс бойынша Темір ауданы белгіленген 85 % нысаналы индикатордың, орындалғаны 2,2% (№5 қосымша).
Жалпы алғанда көпшілік аудандар тауарларды сатып алу бойынша нысаналы индикаторды орындаған, тек оларға қарасты кейбір тапсырыс берушілер ғана Үкіметтің бекітілген нысаналы индикатор көрсеткішіне жетпей отыр.
Ақтөбе қаласы мен аудандарға қарасты 697 мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушілерінің 66 тапсырыс берушісі веб-порталға орындалған келісім-шарттарды орналастырмаған, 97 тапсырыс беруші нысаналы индикаторды орындамаған, 41 тапсырыс беруші тек шет елде өндірілген тауарларды ғана сатып алған, сонымен бірге аудандар бойынша (№5 қосымша):
Аудандардың атауы
Тапсырыс берушілердің жалпы саны
Веб-порталға келісім-шарттарды орналастыр маған тапсырыс берушілердің саны
Нысаналы индикаторды орындамаған тапсырыс берушілердің саны
Шет елде өндірілген тауарларды сатып алған тапсырыс берушілер саны
1.
Ақтөбе қаласы
164
29
33
21
2.
Алға ауданы
45
3
6
3
3.
Әйтеке би ауданы
50
-
6
-
4.
Байғанин ауданы
39
-
10
-
5.
Ырғыз ауданы
39
2
-
-
6.
Қарғалы ауданы
39
1
13
3
7.
Қобда ауданы
46
8
4
1
8.
Мартук ауданы
41
-
-
1
9.
Мұғалжар ауданы
52
1
13
6
10.
Темір ауданы
43
4
2
1
11.
Ойыл ауданы
36
4
3
4
12.
Хромтау ауданы
52
6
3
1
13.
Шалқар ауданы
51
8
4
-
Барлығы:
697
66
97
41
№6 қосымшада Ақтөбе қаласы және аудандардың ведомствасына қарасты мекемелер бойынша түсіндірме.
Кейбір облыстық және аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тауарлар, жұмыс және қызмет түрлерін мемлекеттік сатып алулар кезінде нысаналы индикаторларды орындамауының басты себебі, олардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қаулысын орындамауы және сонымен қатар веб-порталдың келісім-шарттар тізілімдеріне келісім-шарттарды «Орындалды» статусымен орналастырмауы немесе уақытында орналастырмауы болып отыр.