Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күндері

Ақтөбе облысының қаржы басқармасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күндері»
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Конституциялық құқықтарды қорғау және азаматтардың мемлекеттік мекемелердің қызметіне сенімін жоғарылату, сондай-ақ облыс әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 222 қаулысымен бекітілген Ақтөбе обысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың 20 сәуірінде «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күндері» өткізіледі.
Азаматтар осы күні басқарма қызметкерлерінің және оған бағынышты мекемелерінің заңсыз іс-әрекетіне немесе сыбайлас жемқорлық көріністері бар фактілерімен жолыққан жағдайда немесе басқарма құзырына жататын сұрақтар бойынша сыбайлас жемқорлық туғызатын құқықбұзушылықтарға және заңсыз әрекеттеріне немесе басқарма құзырына кіретін мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерге өз арыз-шағымдарына қатысты шағымдарыңызбен өтініш білдіруіңізге болады.
Қабылдау мына мекен-жай бойынша: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 416-кабинетте жүргізіледі немесе 56-04-52 телефонына қоңырау шалу арқылы жазылуға болады, сенім телефоны – 55-05-92.