Жекешелендіру бойынша жоспарды іске асыру туралы

Ақтөбе облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында Ақтөбе облысы бойынша коммуналдық меншігіндегі 7 кәсіпорын, оның ішінде: 2016 жылы - «Тазалық» КМК жекешелендіруге жоспарланған.
Сонымен қатар, «Ақтөбе» ӘКК ҰК» АҚ-ның 4 ұйымы, оның ішінде: 2016 жылы 2 ұйым, «Aktobe Steel Production» ЖШС және «Актобетермококс» ЖШС жекешелендіруге жоспарланған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысының негізінде, «Тазалық» КМК-ның мүліктік кешеніне бағалау жүргізіліп, нәтижесінің қорытындысымен нарықтық сома 314 614 000 (үш жүз онтөрт миллион алты жүз он төрт мың) теңге анықталды. Бекітілген сату жоспарына сәйкес аталған мүліктік кешен ағымдағы жылы үш мәрте (30.09.16ж., 21.10.16ж., 25.11.16ж) сатылуға шығарылып, әлеуетті сатып алушылардың болмауына байланысты тендер өткізілмеді деп танылды.
Одан басқа, «Ақтөбе» ӘКК ҰК» АҚ-мен жекешелендіруге жататын объектілер «Aktobe Steel Production» ЖШС-не бағалау жүргізіліп, нәтижесінің қорытындысымен нарықтық сома 31 000,0 мың теңге, оның ішінде жарғылық капиталындағы үлесі 3 069,0 (жарғылық капиталындағы үлесі 9,9%) мың теңге, сонымен қатар «Ақтөбетермококс» ЖШС-нің нарықтық сомасы 774 836,0 мың теңге, оның ішінде жарғылық капиталындағы үлесі 76 708,8 (жарғылық капиталындағы үлесі 9,9%) мың теңге.
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында өткен аукционында «Aktobe Steel Production» ЖШС-гі 3 713,5 мың теңгеге сатылған. «Ақтөбетермококс» ЖШС-гі ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында сатылуға шығарылып, әлеуетті сатып алушылардың болмауына байланысты тендер өткізілмеді деп танылды. Екінші мәрте аукционға шығару 2016 жылдың 27 желтоқсанына жоспарланған.