Мүлікті жария ету туралы

2016 жылдың 28 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақтөбе облысы бойынша сомасы 35,5 млрд.теңге болатын 14691 жылжымайтын мүлік объектілерін жария етуге 7240 өтініштер түсті.
29,1 млрд.теңгеге 12450 жылжымайтын мүлік объектілері бойынша 5993 арыздар оң шешіммен қаралды.
Қайта өңдеуге қайтарылған өтініштердің саны – 5,9 млрд. теңгеге 2052 жылжымайтын мүлік объектілері бойынша 1119 құрайды.
2016 жылдың қаңтарынан бері 53,6 млрд.теңге мөлшерінде ақшаларды жария етуге 339 банктік шоттар оң шешіммен қаралды. Қазақстан аумағында орналасқан мүлік бойынша жалпы сомасы 907,7 млн.тенгеге 23 декларация жария етілді, соның ішінде Қазақстан Республикасының аймағынан тысқары жердегі жылжымайтын мүлікті жаряи ету бойынша 5 объект жария етілді.
Құнды қағаздарды, заңды тұлғалардың қатысу үлестерін жария етуге 2 өтініш 0,01 млрд.тенгеге оң шешіммен қаралды.