Мүлікті жария ету акциясының қорытындылары туралы

2016 жылдың 30 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақтөбе облысы бойынша сомасы 35,5 млрд.теңге болатын 14 691 жылжымайтын мүлік объектілерін жария етуге 7 240 өтініштер түсті.
29,5 млрд.теңгеге 12 629 жылжымайтын мүлік объектілері бойынша 6 115 арыздар оң шешіммен қаралды.
Қайтарылған өтініштердің саны – 5,9 млрд. теңгеге 2062 жылжымайтын мүлік объектілері бойынша 1125 құрайды.
Соның ішінде 2016 жылы 53,9 млрд.теңге мөлшерінде ақшаларды жария етуге 341 банктік шоттар оң шешіммен қаралды. Қазақстан аумағында орналасқан мүлік бойынша жалпы сомасы 0,9 млрд.теңге 23 декларация жария етілді, соның ішінде Қазақстан Республикасының аймағынан тысқары жердегі жылжымайтын мүлікті жаряи ету бойынша жалпы сомасы 0,3 млрд.теңгеге 5 объект жария етілді.
Заңды тұлғалардың қатысу үлестерін жария етуге 2 өтініш 0,01 млрд.тенгеге оң шешіммен қаралды.
Құнды қағаздарды жария етуге өтініштер түскен жоқ.
Жергілікті атқарушы органдары Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп мүлікті заңдастыру барысын жан-жақты жарыққа шығару мақсатында, 2016 жылғы 30 желтоқсандағы жағдай бойынша:
- республикалық және өңірлік басылымдарды 513 мақалалар жарияланды,
- 595 тақырыптық сюжеттер (сұхабаттар) берілді,
- интернет-ресурстарда 713 мақалалар жарияланды,
- теледидарда «жүгіртпе жолдың» 20234 айналымы,
- 1265 радиохабарлар жүргізілді,
- пайдаланылатын көлікте 1292 хабарламалар берілді,
- 499 семинарлар, «дөңгелек үстелдер», брифингтер өткізілді,
- 45620 жадынамалар, кітапшалар, буклеттер шығарылды,
- 460 «Ашық есік күндері» өткізілді,
- 161 билбордтар орналастырылды,
- «Локомотив» кинотеатырында,«РИКА ТВ» және «Казахстан-Актобе» теле арнасында видео ролик қазақ және орыс тілінде көрсетілуде, «Ақтөбе радио» «Тандем» радиоларында аудиоролик жүргізілуде,
- «ЛЭД» экранда видео-ролик көрсетілуде.