2016 жылғы есеп

Облыстық каржы басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2016 жылғы есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Ақпаратқа ашық қолжетімділік қамтамасыз етуі, мемлекеттік органдардың айқынды әрекеттері, «мемлекет азаматтардың қызметінде» қағиданың жүзеге асырылуы негізгі шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 18 тамыздағы № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-әрекеттің) басталуына көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалдық расталған сенімхат бойынша), мемлекеттік меншікке берілетін мүліктің меншік иесі, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, сыйға беру шарты бойынша мүлікке құқығын мемлекетке беру туралы ұсыныспен жергілікті атқарушы органға өтініш негіз болып табылады, яғни мүліктің құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері, объектінің баланстық құны туралы анықтамасын ұсыну қажет.
2016 жылдан бастап 2017 жылдың 1 қаңтар аралығында қағаз түрінде 22 мемлкеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде тиісті құжаттары болмауына байланысты, бас тартылғандар -15, ал 7 оң көрсетілген.
Барлық мемлекеттік қызметтер толық түрде көрсетілді, сыйға тарту шарттары мен қабылдау-тапсыру актілері бар, сонымен қатар, мерзім бұзышулықтар болмаған.
Сыйға тарту шартымен қабылдаған мүліктердің ішінде, 2 жайларда аула клубы ашылған. Бүгінде аталған клубтар қалалық балалардың назарын аударды. 6 секция ашылды- мектепке дейінгі білім беру орталықтар, би, шахмат және дойбы, бейнеу өнері, үстел теннисі және жаттығу залы, сонымен қатар, мемлекеттік меншікке трансформаторлар, ескерткіш және денсаулыққа арналған автокөліктер қабылданды.
Сонымен бірге, ресми сайтында қолданыстағы. «мемлекеттік қызмет туралы» тарауында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат, Стандарт және регламент, шағым беру тәртібін беру, байланыс телефондары, сенім телефоны -8-7132-55-05-92 көрсетілген.