Ұйымдарды жекешелендіру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдауындағы тапсырмаларын орындау мақсатында, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі №194 «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен жекешелендірудің Кешенді жоспары аясында Ақтөбе облысының коммуналдық меншігіндегі 9 ұйым жекешелендіруге жоспарланған, оның ішінде: «Намыс» спорт түрлері бойынша клубы» МКҚК, "Ақтөбе-агросервис" ЖШС, "Ақтөбе Таза Қала" ЖШС, "Ақтөбе облысының мемлекеттік-жеке әріптестік өңірлік орталығы" ЖШС, «Ақтөбе» аймақтық индустриялды технопаркі» ЖШС және "Хромтау-тазалық" ЖШС.
Одан басқа, 2017 жылы «Ақтөбе» ӘКК ҰК» АҚ-мен жекешелендіруге жататын 3 объектілер жоспарланған, олар: «Aktobe Steel Production» ЖШС, «Asia Agro Holding» ЖШС және «Актобетермококс» ЖШС.