Мемлекеттік қызметшілердің слеті

Қызылорда қаласында аймақтық жас мемлекеттік қызметшілердің слеті өтті. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, сонымен қатар, Қызылорда облысының жас мемлекеттік қызметшілері қатысты. Аталған шараға басқарма тарапынан басқарманың бас маманы А.Нуржанова қатысты.Слет аясында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжановтың қатысуымен «Дамыған 30 елдің қатарына кіруде жастардың ролі» атты форум ұйымдастырылды.