Комиссияның қызметі туралы

Бағдарлама аясында ипотекалық тұрғын
үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта
қаржыландыруда қарсылық алған қарыз
алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі
комиссияға қатысты
ҚР Президентінің қатысуымен өткен, ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысының 2015 жылғы 11 ақпандағы хаттамасына сәйкес, Мемлекет Басшысымен ҚР Ұлттық Банкіне ҚР Үкіметімен бірлесіп, ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу бойынша шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.
ҚР Үкіметі және Ұлттық банк ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу үшін Ұлттық Қор қаражаттарынан қаржы бөлу туралы шешім қабылдады, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға Ұлттық Банкпен бірлесіп 2015 жылдың 15 мамырына дейінгі мерзімде, облыстық әкімдік жанынан, Бағдарлама аясында ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруда қарсылық алған қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегікомиссиялар құру тапсырылды.
Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен (2015 ж.27.05 № 153-Ө) Бағдарлама аясында ипотекалық тұрғын үй қарызын/ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруда қарсылық алған қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі Комиссия) құрылды.
Комиссияның негізгі міндеті – бұл өңірде тұрақтылықты сақтау, облыста әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында жоғарыда аталған қарыз алушылардың шағымдарын айқын және объективті қарауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындардың осы санатымен тиісті жұмыстар жүргізу.
Мемлекет басшысы 2018 жылғы 10 қаңтардағы өзінің Қазақстан халқына жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында, Ұлттық Банкке 2016 жылғы 01 қаңтарға дейін берілген, тұрғындардың валюталық ипотекалық қарыздары бойынша мәселені түпкілікті шешуді тапсырды.
Мемлекет Басшысының тапсырмаларын тиімді іске асыру үшін, 2018 жылғы 27 наурызда ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасы, 2015 жылғы сәуір айында қабылданған, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар бекітті. Соның ішінде, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған, заңды тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын, Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы курсы бойынша (1 долларға 188,35 теңге). теңгемен қайта қаржыландыру бөлігіне енгізілді.
Бағдарламаға енгізілген толықтырулар, қарыз алушылар үшін қарыздарды оітайлы өтеу шарттарына мүмкіндік береді.
Бағдарлама қатысушылары болыа 20 екінші деігейдегі банктер анықталды ( «Казкоммерцбанк» АҚ, «Халық банк» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Цесна банк» АҚ, «Банк Kassa Nova» АҚ, «Евразийский банк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Ресей жинақ банкі» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «KZI Bank» АҚ, «AsiaCreditBank» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Банк ВТБ» АҚ, «Альфа Банк» АҚ).
2018 жылғы 26.09 жағдай бойынша комиссияға, қайта қаржыландыруға қарсылық алған қарыз алушылардан 15 өтініш түсті.
2018 жылғы 01 қаңтардан бастап 26 қыркүйек аралығында, 5 отырыс үйымдастырылды және өткізілді, онда 13 қарыз алушылардың өтініштері қаралды.
Комиссия отырыстарында қарау нәтижесінде, 8 қарыз алушыларға ЕДБ қайта қаржыландыруға берген қарсылықтары негізді деп танылды, олар бағдарлама шарттарына сай келмейді.
Бес қарыз алушылар бойынша екінші деңгейлі банктің қарсылықтары заңға сай емес. Екі қарыз алушы Комиссия отырысына келмеді.
Проблемалы ипотека алушлардың мәселесі өңірдегі қоғамдық саяси ахуалға әлеуетті әсерін тигізу мүмкіндігін және әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, Комиссия ипотекалық қарыз алушылардың өтініштерін қарау бойынша жұмсытарды жалғастырып, үнемі бақылауда ұстап отырады.