Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалаудың нәтижелері

Жыл сайын мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізіледі, атап айтқанда оның ішінде бір бағыты "АДБ мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу".
Бағалау нәтижелері әкімдік тиімділігінің орташа дәрежесін анықтайды. 3 өлшем бойынша 50 мүмкін бал бағалаудан 25,02 балды құрады.
Әкімдік қызметінің тиімділігін бағалау келесі өлшемдер бойынша жүргізілді:
1) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бағаланатын кезеңге даму бағдарламаларын тексеру қорытындылары бойынша бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтарының болмауы (мүмкін болған 10-нан 0 балл);
2) Бюджеттік даму бағдарламасының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу(мүмкін болған 20-дан 12,8 балл);
3) Бюджеттік даму бағдарламасының орындалу тиімділігі (20 балдан 12,22 балл);
Әдістемеге сәйкес, әкімдіктің бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі қызметі 10 әкімшіліктің және 66 бюджеттік бағдарлама бойынша бағаланды.
Түзетілген қаржылық жоспар 72 675,6 млн. теңге, игерілуі 71 252,2 млн. теңгені немесе 98,0% құрады, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 1,4% - ға төмен (99,4%), игерілмеген қаржы Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімінен қалып отыр.
"Бағаланатын кезеңге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының даму бағдарламаларын тексеру қорытындылары бойынша бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтарының болмауы" өлшем бойынша-0 балл.
Бағаланатын кезеңде бақылаумен қамтылған бюджеттік даму қаражатының жалпы сомасы 7 283,8 млн.теңгені құрады.
Анықталған бұзушылықтардың көлемі 2 626,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
– мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде - 536,8 млн. теңге;
- бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде -2 089,7 млн. теңге;
Есепті кезеңде аудитпен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінен бұзушылықтардың үлесі 36,06% құрайды, бұл осы өлшем бойынша нөлдік көрсеткішке әкелді, ал Әдістемеге сәйкес бұзушылықтардың ең жоғары рұқсат етілген пайызы жалпы көлемнің 15% - ынан аспауы тиіс.
Бұзушылықтар Ақтөбе қаласынан – 2 089,7 млн. теңге, Шалқар ауданынан – 388,7 млн. теңге, Хромтау ауданынан – 142,6 млн. теңге, "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы"-нан - 5,6 млн. теңге анықталды.
Анықтама: 2016 жылмен салыстырғанда жалпы көлемнен бұзушылықтардың үлесі 57,4 болды. Есепті кезеңде бұзушылықтар үлесі 21,34% - ға азайды.
Екінші өлшемі бойынша "Бюджеттік даму бағдарламасының тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" 12,8 балл берілді.
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізбеудің негізгі себебі: мемлекеттік сараптаманың қорытындысын уақтылы алмау, мемлекеттік сараптаманың теріс қорытындысы және конкурстық рәсімдерді кеш өткізу болып табылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде тікелей нәтижелерге қол жеткізбеу Алға, Мәртөк, Мұғалжар аудандары мен Ақтөбе қаласы болып табылады.
Үшінші өлшем бойынша бюджеттік даму бағдарламасының орындалу тиімділігі" 12,22 балл берілді.
Орындалу тиімділігінің орташа пайызы 90,04% - ды құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 5,14% - ға жоғары (84,9).