Ырғыз ауданында семинар-кеңес өткізілді

Облыс әкімінің орынбасары О.М.Смағұловпен бекітілген іс жоспарға сәйкес облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатындағы «Жергілікті өзін-өзі басқарудың (төртінші деңгей) дербес бюджетін және коммуналдық меншіктерін енгізу бойынша мәселелерді түсіндіру мақсатында облыс аудандарында көшпелі семинар - кеңестер өткізу, сонымен қатар, жұмыс барысындағы проблемалық мәселелерді талдау» тақырыбында а.ж. 12 қазан күні сағ. 11:00-де Ырғыз ауданында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске Әйтеке би, Хромтау және Шалқар аудандық қаржы және экономика бөлімдері 4 деңгейдегі ауылдық округтерден ауыл әкімі мен бухгалтерлері және салық қызметкерлері мен облыстық қаржы, экономика барсқармалары, қазынашылық және кірістер департаменттерінің қатысып, әр ауданнан 1 ауылдық округ әкімдерінің есеп берулері тыңдалып, жұмыс барысындағы туындаған мәселелер туралы сұрақтар қойылып, оған жауаптар берілді.
Алдағы уақытта, 4 деңгейдегі бюджет бойынша көшпелі семинар-кеңес жұмыстары әрі қарай жалғасуда.