Темір ауданында көшпелі семинар - кеңес өткізілді

2018 жылдың 19 қазанында сағ. 15:00-де Темір ауданында облыс әкімінің орынбасары О.М.Смағұловпен бекітілген іс жоспарға сәйкес облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатындағы «Жергілікті өзін-өзі басқарудың (төртінші деңгей) дербес бюджетін және коммуналдық меншіктерін енгізу бойынша мәселелерді түсіндіру мақсатында облыс аудандарында көшпелі семинар - кеңестер өткізу, сонымен қатар, жұмыс барысындағы проблемалық мәселелерді талдау» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Байғанин, Мұғалжар және Алға аудандық қаржы және экономика бөлімдері сонымен қатар, 4 деңгейдегі ауылдық округтерден ауыл әкімі мен бухгалтерлері және салық қызметкерлері мен облыстық қаржы, экономика барсқармалары мен қазынашылық және кірістер департаменттері қатысып, әр ауданның 1 ауылдық округ әкімдерінің есеп беруі тыңдалып, жұмыс барысында туындаған мәселелер туралы сұрақтар қойылып, толық жауап берілді.
Алдағы уақытта, 4 деңгейдегі бюджет бойынша көшпелі семинар-кеңес жұмыстары әрі қарай жалғасуда.