2019 жылғы 24 қыркүйекте облыс әкімінің орынбасары О. Смағұловтың

2019 жылғы 24 қыркүйекте облыс әкімінің орынбасары О. Смағұловтың төрағалығымен ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан бас тартқан қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде қарыз алушылардың 4 өтініші қаралды. Комиссия 2 карыз алушыға қатысты оң шешім қабылдады; ал қалғандары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.