ЭКО-сағат - Қазір баста!

3 қазан күні N73 ЖББОМ -де жас ұрпақтар бойына табиғатты сүю және аялау, табиғи ресурстарды күту мақсатындағы Республикалық экологиялық сағат және ағаш отырғызу бойынша республикалық акцияны қолдай отырып, мектеп ауласына көшет егу жұмыстары жүргізілді . Оның ішінде 7-8 класс оқушылары арасында биология пәні мұғалімі А.Шагирова "Біз қазірден бастаймыз" экосағатын өткізді. Мектебімізде өткізілген "Экосағат" акциясына Ақтөбе облысы қаржы басқармасы басшысы Сағын Бекбол Ұбайдоллаұлы мектептің сенімге кірген ұстаздары Қ.Есенаманова, А.Айтжанова , мектебіміздің "Жас Ұлан" ұйымы оқушыларымен бірігіп , 20 түп ағаш екті. Акция барысында акция қонағы "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" ММ басшысы Сағын Бекбол Ұбайдоллаұлы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікірін білдірді.

ЭКО-сағат - Қазір баста!