2019 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы бойынша есеп берілді

Ағымдағы жылдың 20 мамырында бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста 2019 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы туралы мәселе қаралды. Осы мәселе бойынша басқарма басшысы Қ.М.Райымқұлов ақпарат берді.